Сарыағашта екі жас жігіт көлікті қызық үшін ұрлап кеткен
08.01.2025 06:33
Фото:
Түркістан облыстық Полиция департаменті
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында екі жас жігіт көлік ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленушінің айтуынша, ВАЗ көлігін үйдің жанына аз уақытқа қойып кеткен. Осы сәтті пайдаланған жас жігіттер түнгі сағат 01:00 шамасында көлікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын шамамен бір миллион теңгені құраған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бөтеннің көлігін ұрлады деген күдікпен екі жас жігітті анықтаған. Ұсталғандар өз сөзінде көлікті қызық үшін ұрлап кеткенін айтқан.
Ұрланған көлік Тараз қаласынан табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

