Жаңалықтар

Сарбазға деген қамқорлық шақыру пунктінен басталады

Сарбазға деген қамқорлық шақыру пунктінен басталады
Фото: gov.kz 24.09.2023 21:09 861

«Аналардың жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Шарифа Муминова Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жинау пунктінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қоғам қайраткері департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаевпен және оның орынбасарларымен кездесті. Шарифа Ахметжанқызына мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу шарттары және тәртібі, әскерге шақырылушылар психологиялық тестілеуден өтетін қызметтік кабинеттер көрсетілді, асханадағы тағамның сапасын бағалады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев қоғам өкіліне қызмет орнына жіберілгенге дейін бірнеше күн әскерге шақырылғандар орналастырылатын бөлмелерді көрсетті. Казармалық үй-жайларды аралау кезінде Шарифа Ахметжанқызы әскерге шақырылушылармен әңгімелесіп, олардың қал-жағдайларын сұрап, әскерден алған әсерлерін тыңдады.

Жинау пунктінің тұрмыс-тіршілігін ұйымдастырумен танысқаннан кейін Шарифа Муминова медицина қызметкерлерімен әңгімелесті, оны әскерге шақыру науқаны кезінде енгізілген өзгерістер қызықтырды.

– Ешқандай арыз-шағымым жоқ, – деді Шарифа Муминова. Бұл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшылығының ісіне жауапкершілікпен қарауының нәтижесі деймін. Жақсы қарым-қатынас орната аламыз деп үміттенемін, – деп түйіндеді қоғам қайраткері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға