Жаңалықтар

Сарбаз аналары комитетінің төрағасы Қарағандыдағы сарбаздардың жағдайын тексерді

Сарбаз аналары комитетінің төрағасы Қарағандыдағы сарбаздардың жағдайын тексерді
Фото: Қорғаныс министрлігі 24.10.2024 01:36 438

«Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің басшысы Лилия Хайруллина әскери бөлімдерде сарбаздардың тұрмыстық жағдайларын, тамақтану сапасын және бос уақытын ұйымдастыруды зерделеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.🔵

Қоғамдық сектор өкілі казармалардың, тұрмыстық үй-жайлардың жай-күйін, бейнебақылау жүйесінің жарамдылығын тексерді. Сарбаздармен тілдесу барысында ол тамақтану сапасына қызығушылық танытты. 

Комитет басшысының сапары демалыс күндері болғандықтан, оған жеке құрамның бос уақытын қалай ұйымдастырылғанын тексеруге мүмкіндік берді. Мысалы, 85510 әскери бөлімі байланыс батальонының әскери қызметшілері Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған дәрісте болды. Ал 44803 әскери бөлімінің сарбаздары осы уақытта қалалық волейбол жарыстарына қатысып жатты.

Жалпы әскери бөлімдерде қызмет өткеру үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасалған. Сарбаздар тамақтану туралы жақсы айтады. Күн тәртібі сақталады. Казарма таза. Бұл дегеніміз тәртіп пен командирлердің осы мәселелерге баса назар аударатынын білдіреді, – деп түсіндірді комитет төрағасы Лилия Хайруллина.

Сарбаз аналары комитетінің жетекшісі балалары мерзімді қызметке баратын ата-аналармен де кездесіп, әңгімелесті. Бұл күні қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жинау пунктінен Отарға 35 әскерге шақырылушы аттанды.

Шақырылушылардың туыстарына қоғам қайраткері әр қалада комитет өкілдері бар екенін түсіндірді. Олар әрқашан көмекке келіп, психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге дайын. Л. Хайруллина егер өтініш жасалса, филиалдар ата-аналарға шақыруға және қызмет өткеруге байланысты мәселелерді шешуге көмектесетінін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға