Жаңалықтар

Сарапшылар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы ҮЕҰ рөлін талқылады

Сарапшылар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы ҮЕҰ рөлін талқылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 05.09.2024 23:40 396

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Ұстаным/Позиция» пікірталас клубының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пікірталас клубы шеңберінде Жолдауды тиімді іске асыруда ҮЕҰ-лардың әлеуетін тарту, халықтың қаржылық, құқықтық және экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаларды күшейту, қоғамдық кеңестердің Үйлестіру орталығының қызметін жандандыру, Азаматтық қоғамды дамыту орталығының рөлін күшейту және АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізудің барлық процестерінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз етудің маңыздылығы тұрғысында мәселелер талқыланды.

Министрліктің мәліметінше, іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ, үкіметтік емес ұйымдардың, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова өз сөзінде Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдардан ҮЕҰ-лармен бірлесіп азаматтық сектордың белсенді түрде қатысуын және тартылуын талап ететін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар маңызды бағыттарын айқындағанын атап өтті.

Кездесу соңында спикерлер Президенттің барлық бастамалары тікелей үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен қолдау табатынына және іске асырылатынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға