Жаңалықтар

Сарапшылар Мемлекет басшысының сұхбатындағы өзекті мәселелерді талқылайды

Сарапшылар Мемлекет басшысының сұхбатындағы өзекті мәселелерді талқылайды
Фото: t.me/aqorda_resmi 24.01.2024 18:00 815

25 қантарда «Egemen Qazaqstan» газетіндегі Мемлекет басшысының сұхбатын талқылауға арналған «Жалпыазаматтық бірегейліктің факторлары мен компоненттері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шара модераторы - Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Аяулым Сағынбаева.

Спикерлер қатарында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани, «Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев және ҚЭЗИ Этносаралық ахуал мониторингі орталығының директоры Гүлдана Оқасова.

Сарапшылар бірегейлікті дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін талқылайды, сондай-ақ Қазақстандағы азаматтық өзін-өзі сәйкестендіру мәселесіндегі заманауи үрдістерге байланысты зерттеулердің нәтижелерімен бөліседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға