Жаңалықтар

Сарапшы Әзербайжандағы кездесуде қандай мәселе талқылануы мүмкін екенін айтты

Соңғы жарты жылда Қазақстан Каспий мұнай Ақтау портын кеңейтуге белсенді түрде инвестиция сала бастады.
Сарапшы Әзербайжандағы кездесуде қандай мәселе талқылануы мүмкін екенін айтты
24.08.2022 16:11 1506

Сарапшы Ерсұлтан Жансейтов Қазақстан мен Әзербайжан басшыларының арасындағы кездесуде қандай жобалар талқыланатынын айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтың шақыруымен Бакуге барды. Оның өзіндік себебі де бар. Украинаның қақтығыс фонында Қазақстан үшін қазіргі Транскаспий бағытының өзектілігі артып келеді. Осыған байланысты негізгі серіктес ел ретінде Әзербайжанмен қарым-қатынасының маңыздылығы да өсіп келе жатыр. Жоғары деңгейдегі кездесудің негізгі тақырыптарының бірі - Қазақстандық мұнайды Баку немесе Джихан мұнай құбыры арқылы Түркия және Батыс нарықтарына одан әрі шығуы арқылы Әзербайжанға ықтимал жеткізу мәселелері болуы мүмкін. Соңғы жарты жылда Қазақстан Каспий мұнай Ақтау портын кеңейтуге белсенді түрде инвестиция сала бастады. Болашақта бұл порт екі функцияны орындай алады. Біріншісі, Қазақстанның энергетика ресурстарын Каспий арқылы Еуропаға экспорттауды арттыру. Ақтау портының екінші функциясы Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға жүк тасымалдау көлемін ұлғайту. Санкциялардың жүйесінде Қытай Ресейді айналып өтіп, Каспий теңізі арқылы балама жолдар ашуда. Сондықтан бұл жағжайды пайдаланып Қазақстан транспорттық ағымдарды өзіміздің териториямыз арқылы өткізу керек», – деді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Ерсұлтан Жансейтов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға