Жаңалықтар

"Сақадай сай отырмын". Алтынай Жорабаева перзентханаға дайындығын көрсетті

"Сақадай сай отырмын". Алтынай Жорабаева перзентханаға дайындығын көрсетті
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva 25.12.2023 14:49 19273

Ай-күні жетіп отырған әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында перзентханаға қажет заттардың барлығын алып, дайын отырғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Буып, түйіп дайын отырмын. Бөпеге қажетті заттың барлығын алып алдық. Інім мен келінім балама алғашқы сыйлығын да беріп қойды, - деді әртіс.

Өнер иесі күйеуі Әлішердің де бөпесін көруге асық боп жүргенін де атап өтті. 

Айта кетейік, бұл Алтынай Жорабаеваның бесінші перзенті болмақ. Әнші болашақ сәбиінің жынысын көпшілікке жария етпеді. Бұған дейін өзі туралы жалған әңгіме айтып жүрген адамдардан көңілі қалғанын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға