Жаңалықтар

Сапасы нашар байланыс үшін оператор клиентке төлемді қайтарады - Мусин

Сапасы нашар байланыс үшін оператор клиентке төлемді қайтарады - Мусин
Фото: © ОКҚ 31.12.2023 16:25 815

 Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр кеше Ақмола облысы, Оразақ ауылында ауыл тұрғындарымен, жергілікті әкімдік және байланыс операторлары өкілдерімен кездесу өткізді. Тұрғындар байланыс қызметінің сапасыздығын айтып шағымданды.

Мен ұялы байланыс операторларын кезекті рет айыппұл төлеудің орнына, қолда бар базалық станцияларды жаңғыртуға және айыппұл төлеу сияқты жүйелі шығындарындың орнына жаңа базалық станциялар орнатуға шақырдым, - дейді Бағдат Мусин.

Байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынады. Ал операторлардың өздерінің айтуы бойынша бір базалық станцияны жаңғыртуға 15-20 миллион теңге шегінде инвестиция қажет.

Кездесу қорытындысы бойынша министр сапасыз байланысты тіркеген кезде мемлекетке төленетін айыппұлға қосымша операторлар клиенттерге 3-6 ай үшін абоненттік төлемді қайтаратын норманы бекітуді ұсынды.

Бұл норма бойынша азаматтарымызға көрсетілген сапасыз қызметі үшін байланыс операторларының өтемақы төлеуіне бағытталған. Осылайша, азаматтар қолайсыз деп саналатын қызметтер үшін абоненттік төлемді қайтара алатын болады, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға