23 Тамыз 2025, 23:07
Сапалы тоңазытқышты қалай таңдаймыз?
Ең сапалы тоңазытқышты қалай табамын деп бас қатырып жүрсіз бе? «ЕL.kz» порталының арнайы жобасы «Біздің brand» шығармашылық тобы Қазақстандағы тоңазытқыш өндіретін «Jasyl Suyq Qazaqstan» кәсіпорнына барып қайтты. Мұнда әр тоңазытқыш заманауи технологиямен жасалып, сапа қатаң қадағаланады. Отандық өнімнің басты ерекшелігі - экологиялық тазалығы мен қуат үнемдеуі. Мемлекет қолдауымен кәсіпорын жеңілдетілген несие мен салықтық жеңілдіктерге ие болып, өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Сонымен,
тоңазытқыш қалай дайындалады? Сапасын қалай тексереміз? Білгіңіз келсе, бүгінгі шығарылымды көріңіз!