Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды
13.05.2023 18:39
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем біріншілігінде Санжар Тәшкенбай чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді бет қаратпай ұтып, 48 келіде әлем чемпионатының алтынына ие болды. Жеңіл салмақтың жүгін арқалаған боксшы іріктеу кезеңдерінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген еді. Ол алғашқы кездесуінде өзбек боксшысын бір рет нокдаунға түсірді.
Жартылай финалда ресейлік спортшыны жеңіп, финалға шыққан астаналық саңлақ бүгінгі ақтық сында жанкүйерлер сенімін толық ақтады.
Ал 67 келіде шаршы алаңға көтерілген Дулат Бекбауов шешуші сәтте есе жіберіп, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының тағы үш боксшысы финалда сынға түседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

