Бокс федерациясы

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына өтті

Ұлттық құрама спортшысы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

48 келі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз жапондық спортшы Казума Аратакені жеңді. Есеп - 5:0.

Ақтық сын 11 желтоқсан күні өтеді. Қазақ боксшысының қарсыласы - өзбекстандық Шодиоржон Меликузиев.