Жаңалықтар

Санжар Досжанов пен Болат Сақаев Азия чемпионы атанды

Санжар Досжанов пен Болат Сақаев Азия чемпионы атанды
Фото: Instagram/drs_kz 13.04.2023 20:49 1288

Еркін күрестен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ балуандары Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

70 келіде ел намысын қорғаған Санжар Досжанов өзбекстандық Зафарбек Отохоновты 2:0 есебімен жеңді. Ал 79 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Болат Сақаев Олимпиада ойындарының қола жүлдегері өзбекстандық Бекзот Абдурахмоновты 6:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бес күнге созылатын бәсекеге құрлықтағы 24 елден 300-ден аса спортшы бақ сынайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға