Сандуғаш Кенжебаева Түркиядағы турнирде қатарынан үшінші рет жеңді
26.01.2025 19:00
Фото:
Теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева Түркиядағы ITF W15 турнирінде қатарынан үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Финалда отандасымыз неміс серіктесі Жоэль Стойрмен Асылжан Арыстанбекова және Дарья Шадчнева жұбын 3:6, 6:4, 10:2 есебімен жеңді.
Бұл Сандуғаш Кенжебаева үшін жұптық разрядтағы қатарынан үшінші жеңісі.
Теннис федерациясының мәліметінше, жалпы қазақстандық теннисшінің еншісінде ITF жарыстарының жұптық разрядында бесінші титулы бар. Ертең жаңартылған WTA рейтингісінде Сандуғаш Кенжебаева жұптық разряд бойынша 690-орыннан 578-орынға көтеріледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

