iba.sport

Санатәлі Төлтаев ширек финалда бокстасады

08.12.2025 18:28

Бүгін Дубайда IBA ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалдық кездесулері басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Шаршы алаңға алғаш болып 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Санатәлі Төлтаев көтерілді.

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда бразилиялық Кассио Сантос Оливейрамен күш сынасып, төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп тапты.

Айта кетейік, 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері әрі 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Төлтаев алғашқы айналымда – Замбия спортшысы Джеральд Кабинданы 4:1 есебімен тізе бүктірген болатын.

Әлем чемпионаты-2025 турнирі 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.