Санатәлі Төлтаев аянып қалған жоқ, бірақ төрешілер жеңісті қарсыласына берді
Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатының ширек финалында өз өнерін көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
67 келі салмақта жартылай финал жолдамасы үшін Төлтаев Токио-2024 Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асадхужа Муйдинходжаевпен кездескен еді. Бастапқы екі раундта Төлтаев ширақ көрінді, дегенмен төрешілер бәрібір жеңісті өзбек боксшысына берді. Осылайша, үш раунд қорытындысы бойынша ол жеңіліс тапты.
Санатәлі Төлтаев – қазақстандық бокстың танымал есімдерінің бірі. Биыл ол Эр-Риядта өткен WBC/Riyadh Season Grand Prix турнирінде жұдырықтасып, ширек финалға дейін жеткен. Сонымен қатар 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанған.
Ал оның қарсыласы Муйдинходжаев – Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы және 2023, 2025 жылдары әлем чемпионы болған қос мәртелік алтын иегері.
Айта кетейік, 3 желтоқсанда басталған IBA әлем чемпионатына биыл 118 елден келген боксшылар қатысып жатыр. Жарыстың жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

