Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» жаңа басшы келді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» жаңа басшы келді
Фото: Үкімет 03.04.2023 14:25 910

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын – Нұрлан Жақыповты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Үкіметке сілтеме жасап.

Үкімет басшысы қордың алдында инвестициялар тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Сонымен қатар қор отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға тиіс. Бұл ұлттық экономиканың орнықты даму жолында нығаюына мүмкіндік береді.

Әрбір еншілес компания мен холдинг жұмысының басым бағыттары және KPI айқындалған, перспективалы міндеттер түсінікті. Қор – біздің елімізде үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Қордың тиімді жұмысына көп мәселе, әсіресе, бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобалар байланысты болып отыр», - деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ Үкімет басшысы Нұрлан Жақыпов пен қордың барлық қызметкерінің жұмыстарына табыс тіледі

Сонымен қатар Премьер-Министр соңғы екі жылда қорды басқарған Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға