«Самұрық-Қазына» Qazaq Air компаниясын сатылымға шығарды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
18.08.2023 10:32
Фото:
Qazaq Air
«Самұрық-Қазына» Qazaq Air компаниясын жекешелендіруге қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекешелендіру екі сатылы конкурспен өткізіледі. Өтініш 2023 жылдың 28 қыркүйегіне дейін қабылданады, - деп хабарлайды Qazaq Air баспасөз қызметі.
Әуе компаниясы үкімет бекіткен жоспарға сәйкес 2023 жылдың соңына дейін жекешелендіруге жатады.

