Жаңалықтар

Самұрық-Қазына Бизнес Сервис кәсіпорын басшысы 74,9 млн теңге алған – депутат

Самұрық-Қазына Бизнес Сервис кәсіпорын басшысы 74,9 млн теңге алған – депутат
Фото: instagram.com/samrukkazyna_official / t.me/mazhilis_kz 04.10.2023 12:00 1497

«Самрұқ-Қазынаның» еншілес «Самрұқ-Қазына Бизнес Сервис» компаниясының басшылығы кәсіпорынның тапқан пайдасынан екі есе көп бонус алған. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, кәсіпорын басшысы бір жылда 74,9 млн теңге, басшылық 274 млн теңге бонус жазып алған.

Өз кезегінде, «Самрұқ-Қазына Бизнес Сервис» компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «КАЗ КЛОУД» компаниясының да басшылығына жомарттығында шек жоқ. Біріншіден, тең құрылтайшы болып табылатын «Қазақтелеком» өзінің үлесін, жеке серіктестікке беріп жіберген. «Бұл үлес неге, қалай берілді, мемлекетке залал жоқ па?» - деген сұрақтар туындайды. Екіншіден, осы «КАЗ КЛОУД» команиясының менеджменті, компанияның таза пайдасы 61-млн. теңге бола тұра, премия ретінде бір жылда 336 млн теңге алған, - деді Саиров.

Мәжілісмен «Қазақтелеком» Басқармасының мүшелері жалпы 422 млн теңге премия алған. Әрбір мүшесіне 105 млн теңгеден келетінін айта кетті.

Біздің қарапайым халқымыз бір үзім нанға жарымай жүргенде, бұл неткен асқандық? «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметкерлері, еншілес кәсіпорындары өздерінің басшыларына бонус, сыйақы жазып алуға ғана қызмет ете ме?» - деген заңды сұрақ туады! «Самрұқ-Қазынаның» өз менеджментіне «асыра сілтеп» премия жазу саясатының заңға сәйкестігін анықтап, бұл ашкөздікті тоқтату, «Самрұқ-Қазынада» құжынаған еншілес кәсіпорындардың қажеттігін анықтау керек. «Самрұқ-Қазынаның» қаржы саясатының ашықтығын қамтамасыз ететін тетіктер жасау қажет, - деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға