Жаңалықтар

Самат Нұртаза: Мұнай тасымалдауда Әзербайжанның көмегі көп болады

Бізді үлкен жұмыстар мен жаңа бастамалар күтіп тұр деп ойлаймын.
Самат Нұртаза: Мұнай тасымалдауда Әзербайжанның көмегі көп болады
Фото: adyrna.kz 24.08.2022 14:52 2529

Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің Бакудегі кездесу туралы саясаттанушы Самат Нұртаза өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан мен Әзербайжанның бүгінгі кездесуінде үлкен оң бастамалар күтіп тұр деп ойлаймын. Екі ел де Ресеймен шектеседі. Сонымен қатар, Қазақстанның Түркия секілді алып елдерге мұнай тасымалын дамыту мақсатында Әзірбайжанның көмегі көп болатыны белгілі. Сондықтан бізді үлкен жұмыстар мен жаңа бастамалар күтіп тұр деп ойлаймын», – деді Самат Нұртаза.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ыңтымақтастық серіктестікті қолдаған жөн. Екі елде бауырлас ел болғандықтан жаңа бастамаларды жүзеге асыруда бірлескені дұрыс.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға