Жаңалықтар

Самат Әбіш қайда жүр? ҰҚК төрағасының орынбасары жауап берді

Самат Әбіш қайда жүр? ҰҚК төрағасының орынбасары жауап берді
Фото: gov.kz 15.05.2023 14:40 1496

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Мәжілістің кулуарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Самат Әбіштің жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл сұраққа жауап беруге құзырыретім жоқ. Құқықтық бағаны Бас прокуратура берген. Істі ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеді, - деді ол.

Тілшінің «Самат Әбіш қайда?» деген сауалына қысқа қайырды:

«Мен білмеймін».

Оның қайда кеткені туралы сауалға дәл осындай жауап берілді.

Бұған қатысты ештеңе айта алмаймын. Қателеспесем, ақпанда кетті. Сіздерде ақпарат бар. Жұмыстан наурыз-сәуірде кетті. Қазақстанда да шығар, - деді Марат Қалқабаев.

Ресми дерек бойынша, Әбіш 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап қызметінен босатылды. Бұл уақытта басшылық құрам толықтай уақытша ұстау изоляторында отырған. ҰҚК бірінші орынбасары лауазымын атқарған Әбішке ешқандай айып тағылған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға