«Саламатты Қазақстан» пойызы 90 мыңнан астам ауыл тұрғынына медициналық көмек көрсетті
25.06.2024 13:15
Фото:
©ОКҚ
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен қазақстандықтардың репродуктивті денсаулығы жөнінде айтып, қандай кешенді шаралар ұйымдастырылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ләззат Сүлейменнің сөзінше, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Самұрық-Қазына» және Денсаулық сақтау министрлігі «Саламатты Қазақстан» пойызы жобасын іске асырып жатыр. Жоба ең алдымен шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарды тексеруге және медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған.
Былтыр 26 сәуір мен 5 желтоқсан аралығында пойыз 17 аймақтың 121 шалғай станциясымен жүрді. 90 мыңнан астам ауыл тұрғыны қамтылды, - деді Ләззат Сүлеймен ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

