Жаңалықтар

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанайға аялдайды

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанайға аялдайды
Фото: El.kz 07.07.2023 02:15 1040

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанай облысындағы Зааят стансасына барады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Медициналық пойыз Зааят стансасына 7 шілде күні түнгі сағат 00.48-де тоқтап, 8 шілде күні кешкі сағат 19.05-те шығып кетеді.

Медициналық пойыздың бағыты медициналық кабинеттері жоқ аймақтарды қамтиды. Осылайша, биыл шалғайдағы елді мекен тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқа да салалар бойынша тегін тексеруден өтіп, емделуге мүмкіндік алды. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған. Одан бөлек, сымсыз интернет байланыс құралдарымен қамтылған.

Бұған дейін медициналық пойыз Жетісу облысында болған еді. Дәрігерлер Көксу, Қалпе, Лепсі, Ақтоғай, Бескөл станцияларының тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсетті. Облыс бойынша медициналық тур Достық станциясында аяқталды.

Жетісу облысынан кейін медициналық пойыз Шығыс Қазақстан облысына бағыт алды. Дәрігерлер Жарма, Ертіс зауыты, Тишинская, Ермаков, Таусамалы, Алтай, Күмістау, Шар, Белағаш және Суықбұлақ станцияларының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға