Жаңалықтар

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысындағы сапарын аяқтайды

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысындағы сапарын аяқтайды
Фото: Ашық дереккөзден 18.10.2023 01:36 1002

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысының тұрғындарын қабылдауды аяқтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметіне сілтеме жасап. 

Пойыздағы емхана қазір облыстағы – Қарашокат тұрғындарын қабылдауда. Бұған дейін 10 күн ішінде пойыз Кемпірсай, Жем, Мұғалжар, Бершүгір және Қотыртас станцияларына аялдады.

Жоба аясында шалғайдағы станцияларда тұратын халық негізгі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор-дәрігер, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқалар) тегін тексеруден және емделуден өтіп жатыр.

Бұл облыста дәрігерлер көбіне рельстегі емханаға күндіз келе алмаған науқастарды үйіне барып қарады. Мысалы, Бершүгір станциясында дәрігерлер инсульттан кейін науқасты үйде мұқият тексеріп, өз ұсыныстары мен қорытындыларын берді.

Бұдан басқа, жергілікті тұрғындарға азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін консультациялар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Саламатты Қазақстан» медпойызы – әлеуметтік жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының атынан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының басты ақпараттық серіктесі – ҚР Президентінің Телерадиокешені.

2023 жылдың 18 қазанында «Саламатты Қазақстан» медпойызы Қызылорда облысына келіп, ағымдағы жылдың 3 қарашасына дейін 9 станция тұрғындарын қабылдайды.

Мәселен, облыстың бірінші станциясы – Сексеуіл (18-21 қазан), бұдан әрі – Сапақ (21-22 қазан), Шөміш (22-23 қазан), Белкөл (24-26 қазан), Тартоғай (26-27 қазан), Байғақұм (27-29 қазан), Ақмая рзд. (29-31 қазан), Екпінді рзд. (31 қазан – 2 қараша) және Аққұм (2-3 қараша).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға