Жаңалықтар

"Сал, сал деп базарға айналдырды". Рамазан Стамғазиев беташарды бизнес қылғандарды сынады

"Сал, сал деп базарға айналдырды". Рамазан Стамғазиев беташарды бизнес қылғандарды сынады
Фото: Видеодан кадр 13.09.2023 16:00 1896

Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев беташар салтының бизнеске айналғанын айтып, өкінішін білдірді

Әншінің домбырамен келіннің бетін ашып, "беташар королі" атанғанына 30 жылдың жүзі болған. Ол қазіргі заманның беташары базарға айналып кеткені туралы айтты.

Қазір беташарды бизнеске айналдырып жіберді. Қайын атасына кетіп бара жатқан жерінен қайтадан ақша салдырады. "Сал, сал" деп, сауда-саттық, базарға айналдырды. Беташар негізі олай емес қой. Ауылға келін түскенде ауылдың ақсақалдарын, ел сыйлаған азаматтарын әкеліп, ақыны мен жырауын алғызады. Олар арнайы дайындалып, келінге қай әулетке түскенін, қайдан келгенін, тектілікті түсіндіріп, сәлемін салдырып, ортаға сіңіп кетуге жағдай жасайды. Отырып алып ақша жинап, біреудің ақшасын аз көруге болмайды. Қазір де бет ашып жүрмін. Бірақ біреуге "Осынша ақша сал" деп айтпаймын, - деді Рамазан Стамғазиев.

Ол беташардан соң табақтағы ақшаға таласатын үй иелерінің қылығы туралы да жасырмады.

Бұрын қандай болғанын білмеймін. Қазір беташардан кейін ақша салынған табаққа таласатындар бар. Ақшасын санайтындар бар. "Айналайындар, бұл Құдайдың берген ризығы. Тойға барам, мен ашам деп таласып жатқан жоқпын. Осы ағаның жолын берсін деп шақырып, сосын табаққа түскен ақшаға таласуың миға сыймайды" деймін. Бір тиын түссе де, екі тиын түссе де, ол бет ашқан адамға бұйырсын. Ол тойдан қайтады, - деді Рамазан Стамғазиев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға