Жаңалықтар

Сал дертімен ауырған 37 елордалық оңалтудан кейін аяққа тұрды

Сал дертімен ауырған 37 елордалық оңалтудан кейін аяққа тұрды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.06.2023 16:33 759

Бүгінде 5 556 елордалық арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Бұл туралы бас шаһардың коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Азамат Оспанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады. Бүгінгі күні қалада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Бүгінгі күні арнаулы әлеуметтік қызметтермен 5 556 адам қамтылды, 2022 жылы 5189 адам қамтылды, - деп тоқталды Азамат Оспанов.

Спикердің айтуынша, оңалту қызметтерін алғаннан кейін аяққа тұрып кеткен елордалықтар аз емес.

Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметімен 640 адам қамтылды. Былтыр мұнда 5 адам оңалту шараларынан кейін өз бетінше аяққа тұрды, 140 науқаста сөйлеудің даму динамикасы байқалады. Ата-аналардың, әлеуметтік қызметкерлердің және мамандардың кешенді жұмысының арқасында церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 37 қызмет алушы аяғына тұрып, өз бетінше жүруді үйренді. Ал, «Нұрлы жүрек» орталығының 3 тәрбиеленуші түзету мектебіне ауыстырылды және 7 тәрбиеленуші өз отбасына оралды. Бұл мамандардың тиімді жұмысын және тәрбиеленушілердің даму көрсеткішерінің жақсарғанын көрсетеді, - деп нәтижелерді баяндады Азамат Оспанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға