Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирдің жеңімпазы атанды
19.04.2025 17:08
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жарыста 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов чемпион атанды.
Финалда Сәкен ресейлік спортшы Денис Палшинмен жұдырықтасып, айқын басымдықпен – 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол турнирдің басты жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 1992 жылы дүниеге келген. Ол 2021 жылы бокстан әлем чемпионы атанса, 2019 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль иеленген. Сонымен қатар, 2020 жылы өткен Токио Олимпиадасында үздік үштікке енген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

