Жаңалықтар

Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай финалда жұдырықтасудан бас тартты

Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай финалда жұдырықтасудан бас тартты
Фото: ҰОК 04.10.2024 14:28 106

Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалдық кездесулері өтіп жатыр. Боксшы Санжар Тәшкенбай жартылай финалдық кездесуде алған жарақатына байланысты бүгінгі финалға қатыса алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша 48 келі салмақта Теміртас Жүсіпов жарыс жеңімпазы атанды.

Оған қоса тағы бір боксшы Сәкен Бибосынов жарақатына байланысты финалға қатыса алмайды

54 келі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Алтынбек Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнир жеңімпазы атанды.

Осы ретте алтын жүлде үшін күресетін боксшылардың тізімін назарға ұсынамыз. 

51 келіге дейінгі салмақта: Дамир Әбдіқадыр - Даниал Сәбит

57 келіге дейінгі салмақта: Оразбек Асылқұлов - Махмуд Сабырхан

60 келіге дейінгі салмақта: Серік Теміржанов - Бейбарыс Жексен

63,5 келіге дейінгі салмақта: Ертуған Зейнуллинов – Жандос Қыдырәлі

67 келіге дейінгі салмақта: Мухаммедсабыр Базарбайұлы – Илья Калинин

71 келіге дейінгі салмақта: Сабыржан Аққалыков - Абылайхан Жүсіпов

75 келіге дейінгі салмақта: Диас Молжігітов – Нұрканат Райыс

80 келіге дейінгі салмақта: Ерасыл Жақпеков – Никита Засенок (Украина)

86 келіге дейінгі салмақта: Бекзад Нұрдәулетов – Темірлан Мұкатаев

92 келіге дейінгі салмақта: Сағындық Тоғамбай – Абзал Кұттыбеков

92 келіден жоғары дейінгі салмақта: Айбек Оралбай – Нұрлан Сапарбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға