ҰОК

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды

Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған Сәкен Бибосынов финалда қарсыласын жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сәкен Бибосынов әлем біріншілігінде 54 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Финалда қазақстандық боксшы ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездесті.

Алғашқы раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісін қолдаса, қалғаны ресейлік боксшының басым түскенін мойындаған еді.

Бірінші раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісіне қолдау білдірсе, қалғаны ресейлік боксшының басымдығын мойындады. Екінші раундта ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, отандасымыз екі дүркін әлем чемпионы атанды.