El.kz

Сәкен Бибосынов – әлем чемпионатының финалына өткен екінші қазақстандық боксшы

54 келі салмақта өнер көрсететін Сәкен Бибосынов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында непалдық Тапа Чандра Бахадурды айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алған қазақстандық екінші боксшы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Одан бұрын 75 келіде сынға түсетін Сабыржан Аққалықов та финалға өткен еді. Өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев жарақатына байланысты айқастан бас тартқандықтан, Сабыржан жекпе-жексіз ақтық сынға жолдама алды.

Ал 48 келі салмақтағы ел намысын қорғаған Теміртас Жүсіпов жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянға жол беріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бүгін рингке тағы үш қазақстандық боксшы шығып, финалдық жолдама үшін айқасқа түседі.