Маркетингтің маңызы зор
Біздің сайт жаңалықтарды емес, аналитиканы жазады. Мәселен бір оқиға бола қалса, ол қашан, қалай болғаны туралы емес, не себепті мұндай жағдай болғанын жазамыз. Қазіргі оқырманға терең талдау, аналитикалық мақалалар қажет. Құр ұран, айғай, намысқа толы контент емес, салиқалы талдау, пайдалы контент өтімдірек. Осылайша біз оқырманды да ұстап отырамыз, жарнама берушілер үшін де қызықтымыз. Бұрында медиа саласында ұтымды жоба жасау үшін контент жасаушы мен ІТ маманның тандемі қажет болса, қазір маркетологты қосқан жөн. Осы үш маман иесінің бірлескен жұмысы нәтижесінде ғана оқырман сұранысына ие, қаржылық табысты жобаны құруға болады.