Жаңалықтар

Саидикрам Ниязходжаев: Қазақстан – түрлі ұлттардың бақытты мекені

Саидикрам Ниязходжаев: Қазақстан – түрлі ұлттардың бақытты мекені
29.04.2019 00:00 2265

Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы елшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы Ассамблеяның тағы бір мәрте Қазақстанда халықтар арасында татулық пен келісімді күшейтіп отырған институт екенін іс жүзінде дәлелдеді. Бұған біз куә болдық.

Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этностардың бүгінгі күнде жеткен жетістіктерінен қазақ халқының жүрегі кең, көңілі ақ, жаны жомарт екенін байқатады. Барлық этнос өкілдері бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған бірегей мемлекет – Қазақстан.

Бүгін маған сөз сөйлеушілердің барлығы ұнады, олар өз жетістіктерімен бөлісті. Дегенмен де маған Алла Чечеткина үлкен әсер қалдырды. Ұлты молдаван болса да, қазақ тілінде мүдірмей сөйлеп тұрды. Жай ғана қарапайым сөздермен емес, айтарын әдемі жеткізді.  

Небәрі 17 жасында Евгений Демиденко WOOSONG университетінің «SOLBRIDGE» бизнес-мектебінде оқуға грант алған. Оңтүстік Кореядағы халықаралық ғылыми жобалар конкурсындағы Алтын медаль иегері. «INFOMATRIX ASIA» халықаралық конкурсының күміс жүлдегері. «Nazarbayev Fund Schools Challenge» авиақұрылыс бойынша халықаралық олимпиаданың, «MERCEDES BENZ 2050», «Hack Day 2017» ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы. «FLEX 2017» алмасу бағдарламасының жартылай финалисті.

Бұл нені білдіреді? Бұл – қазақ елінде бейбітшілік, тыныштық пен жайлылық орнағанның белгісі. Қазақстандық қоғам сауатты және бар күшін халықтардың иглігіне жұмсайды.  

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға