Сағындық Тоғамбай Бакудегі турнирде финалға шықты
26.03.2024 22:05
Фото:
Бокс федерациясы
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” халықаралық бәсекесінде қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
92 келі салмақ дәрежесіндегі отандасымыз жартылай финалда ресейлік Рамазан Ханалиевпен кездесті.
Бокс федерациясының мәліметінше, қазақ боксшысы үш раундта да қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Ал үшінші раундта қарсыласының “ұсынысымен” төбелеске де барды. Нәтижесінде ресейлік боксшы әбден болдырып, аяғына әрең тұратын халге жетті де, төрешілердің бірауызды шешімімен Сағындық Тоғамбай жеңімпаз деп танылды.
Енді ақтық айқаста жерлесіміз Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Әзірбайжан азаматтығын алған кубалық спротшы Альфонсо Лорен Домингеспен жұдырықтасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

