Бокс федерациясы

Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатында алғашқы қарсыласын жеңді

05.09.2025 02:14

Бокстан Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатының бірінші жарыс күні жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстан сапынан 90 келідегі Сағындық Тоғамбай бастапқы кезеңде жергілікті спортшы Исаак Окодан жеңісті жұлып алды. Алғашқы раундта төрешілердің бүйрегі ағылшын бокшысына бұрғанымен, жерлесіміз қысымды арттырып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Енді отандық боксшы 8 қыркүйек күні Джек Марлеймен (Ирландия) күш байқасады.

Бұған дейін әлем чемпионатында шаршы алаңға шыққан отандасымыз Элина Базарова алғашқы айналымнан өте алмаған болатын