Садыр Жапаров тамашалауға келген турнир жаппай тәртіпсіздікпен аяқталды
01.09.2023 14:20
Фото:
Видеодан алынған кадр
Қырғызстанның Ош облысындағы «Толойкон» ипподромында көкбөріден ел Кубогының финалы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Достук» пен «Ынтымак» командалары арасында өткен финал жаппай тәртіпсіздікпен аяқталды. Оқиға орнына видеолар әлеуметтік желіде тарады.
Ойын қорытындысы бойынша жеңіс «Ынтымак» командасына беріліп, көрермен төрешілердің бұл шешіміне наразы болды.
Алдын ала болжам бойынша, төреші соққыға жығылған. Мұның бәрі финалды арнайы тамашалауға келген ел президенті Садыр Жапаровтың көзінше болған.
24.kg мәліметінше, Ош облысындағы ойынды 40 мыңға жуық адам тамашалауға келген. Финалдан соң жиналғандардың барлығы төрешілер шешіміне наразылық танытып, оған пластик бөтелкелерін лақтыра бастаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

