Садақ атудан Қазақстан спортшыларының Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды
27.07.2024 05:31
Фото:
Olympic.kz
Садақ атудан Қазақстан командасы Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысып, ұпай жинады. 26 шілдеде спортшылардың келесі кезеңдегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Іріктеу айналымынан соң садақ атудан Қазақстан командасы жалпы есепте 10-орында тұр.
Садақ ату, 1/32 айналым:
Ильфат Абдуллин - Эрик Петерс (Канада)
Александр Еременко - Аддис Баптиста (Франция)
Дәулеткелді Жаңбырбай - Хорхе Энрикс (Колумбия)
Еске сала кетейік, іріктеу айналымында Қазақстан сапынан ең көп ұпайды Дәулеткелді Жаңбырбай жинады. Ол 668 ұпаймен 22-орыннан көрінген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

