Бүгін сәбіз бен апельсин қосылған денсаулыққа пайдалы әрі өте нәзік салаттың рецептін ұсынамыз.

Ингредиенттер:
2-3 тал сәбіз
1-2 тал апельсин
2 ас қасық аршылған шемішке
Тұз, бұрыш қалауыңызға қарай
Зәйтүн майы араластыруға

Әзірлеу әдісі:
1.Сәбізді тазалап, ұзыншақтап үккіштен үгеміз.
2.Апельсиннің қабығын аршып, кубик етіп тураймыз.
3.Шұңғыл ыдысқа сәбіз бен апельсинді салып, тұз бен бұрышты, шемішкені қосып, зәйтүн майымен араластырамыз.

Ас болсын!

