14 Маусым, 17:00

Сәбит Әбдіхалық: өлім мен өмірдің арасында арпалыстым

Белгілі актер, сатирик Сәбит Әбдіхалық БазарLike бағдарламасына қонаққа келді. Біраз жылдан бері бірнеше мәдени ошақтың тізгінін ұстаған ол өзі туралы талай сын мен өсекке қатысты жауабын айтып, ағынан жарылды. Сәбит біраз уақыт бұрын жүрегіне операция жасатқан болатын. «Өлім аузынан қалдым» деген ол біраз адамға ренішін ұмыттым дейді. Сондай-ақ Сәбит Әбдіхалық сахнаға неге қайта шыққысы келеді? Осы және өзге де қызық сұрақтарға осы сұхбатта жауап берді.

Бөлісу: