Жаңалықтар

Сабантой – 2018

Сабантой – 2018
17.06.2018 11:14 3266

Ағымдағы жылдың 17 маусымы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласының сол жағалауындағы этносаябақта Татар - башқұрт халқының ежелден келе жатқан ұлық мерекесі Сабантой кең көлемде тойланды.

Мерекелік шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Биылғы сабантой мерекесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Шығыс Қазақстан облысы «Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауымен өткізілуде. Оның мақсаты Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халықтарының рухани мәдени мұрасын насихаттау, фальклорды ұлттық мерекелерді жаңғырту және салт – дәстүрлерді сақтау болып табылады.

Татар халқында сабантойды кең тойласаң, бидай бітік шығады деген наным бар. Табиғат аясында жиналған жұртшылық күзде жиын-терім мол болсын деген тілектерін жеткізді.

Аталмыш шараға Татарстан мемлекетінің Қазан қаласынан және облысымыздың әр аудандарынан арнайы қонақтар келді. ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева еңбек пен достықтың мерекесі саналатын сабантой мерекесімен шараға жиналғандарды арнайы құттықтап өзінің ақжарма тілегін жеткізді.

Шара барысында Татар–башқұрт халықтарының салт–дәстүрлері көрсетіліп, келген қонақтар татар халқының ұлттық мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар мереке барысында түрлі спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтар болсақ мереке қонақтары татар халқының «Күреш» ұлттық күресін тамашалай алды. Сондай–ақ сахнаны әсем әуенге бөлеген әр түрлі жанрдағы әуезді әндер сабантой мерекесінің көркін қыздыра түсті. Келесі сабантой Семей қаласында өтетін болады.

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға