Жаңалықтар

Сұйытылған мұнай газының сауда-саттығын іске қосу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды – Ақшолақов

Президенттің тапсырмасына сәйкес сұйытылған мұнай газы биржасына көшу 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды
Сұйытылған мұнай газының сауда-саттығын іске қосу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды – Ақшолақов
Фото: egemen.kz 03.08.2022 13:37 1032

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мемлекет басшысы газ өндіру жөніндегі жаңа жобалар үшін фискалдық преференцияларды пысықтауды тапсырмасына байланысты баяндама жасады, – деп хабарлайды El.kz.

Министрдің айтуынша бүгінгі таңда жер қойнауын пайдалануға, оның ішінде газ жобаларына арналған жақсартылған модельдік келісімшарт тетігін енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер топтамасы әзірленді.

– Мәселен, салықтан босату түрінде реттеушілік және фискалдық преференциялар көзделеді. Сонымен қатар газ жобалары үшін газға ынталандыру бағасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңнамаға тиісті түзетулер ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданатын болады.Бұл шаралар шамамен 93,6 млрд.м3 көлемінде газдың жиынтық қоры бар газ кен орындарын игеруді және 2030 жылға қарай жылына 6,7 млрд. текше метр көлемінде тауарлық газды қосымша өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,–деді Энернетика министрі.

Сонымен қатар министр бағалық ауытқуларға жол бермей, сұйытылған мұнай газының сауда-саттығын іске қосу бойынша шаралар қабылдау тапсырылғанын айтты.

– Президенттің тапсырмасына сәйкес сұйытылған мұнай газы биржасына көшу 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. Ағымдағы жылғы 20 шілдеде биржалық сауда-саттық кезінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін Биржалық сауданың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді,–деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар бүгінгі таңда мынадай өзгерістер пысықталып жатыр:

  • сұйытылған мұнай газын көлікке ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне енгізу;
  • өткізу көлемі мен бағасын көрсете отырып, автогаз құю станциясының фискалдық чектерді шығаруы бойынша талаптарды қатаңдату.

Сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың бақылауындағы тапшы тауарлар үшін бірыңғай тауар биржасын айқындау мәселесі қарастырылып жатыр.

Жоғарыда көрсетілген шаралар ашықтықты қамтамасыз етуге және сұйытылған газ саудасы кезіндегі операцияларды қадағалауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға