Көп ғасырлық тарих, салт-дәстүрдің өрлеуі, мәдени мұра – мұның барлығымен Солтүстік Қазақстан облысының украиндары толыққанды мақтана алады.
Себебі СҚО Украин мәдени орталығы өзінің құрылған жылдарында басқа этностармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, өз халқының ұлттық ерекшелігін, тілі мен мәдениетін біріктіріп, сақтай алды.
СҚО Украин орталығы өзінің мерейтойын облыстық Достық үйінде украин мәдениетінің фестивалін кең көлемде атап өтті. Бұл күні барлығы – этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Орталық белсенділері, еріктілер, жастар жиналды. Сахнада әртістердің үздік өнерлері көрсетілді, олар ұлттық мәдениетті ән, би және әдемі костюмдер арқылы жеткізе білде.
«СҚО Украин мәдени орталығы» ҚБ төрайымы Лидия Хамрачева:
«Біздің орталық үшін 25 жыл ең үздік болды және біз мәдениетімізді, дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптар мен тілімізді сақтау үшін орталық жұмысын одан әрі дамытуға жан-жақты тырысуға әзірміз».