СҚО-да ер адам әйелін атып өлтіріп, артынан өзіне қол салды
30.06.2022 23:28
Қанды оқиға туралы үйде болған балалар хабарлаған. Оқиға орнынан аңшылық мылтық тәркіленді, деп хабарлайды El.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, яғни "Ауырлататын мән-жайлар жағдайында кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаза тапқан жұптың кәмелетке толмаған үш баласы Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
– Оқиғаның негізгі нұсқаларының біріне сәйкес, 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелін жаралап алған соң өзіне мылтықтан оқ атқан. Алайда тергеу нәтижелері бойынша алда қорытынды тұжырымдар жасалады, – делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамаларының кешені тағайындалды. Іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері қолға алынды.Тергеу барысы облыстық прокуратураның жеке бақылауында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

