Руслан Берденов депутаттықтан кету туралы шешім қабылдады
24.02.2025 15:17
Фото:
parlam.kz
Руслан Берденов басқа қызметке ауысуына байланысты Мәжіліс депутаты ретінде өкілеттігін аяқтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Руслан Берденов Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында бұдан былай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқаратынын айтқан.
Айта кетейік, Парламент депутаты жалақы төленетін басқа қызметті қатар алып жүруге құқы жоқ, сондықтан Берденов депутаттық креслосын босатады.

