Жаңалықтар

Рұқсаты жоқ интернет ресурстарға тосқауыл қажет - сенатор

Рұқсаты жоқ интернет ресурстарға тосқауыл қажет - сенатор
Фото: senate.parlam.kz 11.05.2023 12:16 794

Сенаттың жалпы отырысында депутат Советбек Медебаев арнайы рұқсаты жоқ интернет ресурсына тосқауыл болу үшін тиісті мемлекеттік органдар жұмыла әрекет ету қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның сөзінше бүгінде интернет мемлекет пен қоғамның дамуына ерекше әсер ететін заманауи жаңа технологияны игеру үшін қажетті құрал ретінде қолданылады.

Алайда елімізде осы салада заңсыз жұмыс істеп келген интернет ресурстары анықталды. Мәселен, 2020 жылы лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз ету мен басқа да объектілерді тарататын 24 шетелдік интернет ресурс, ал 2021 жылы 40 интернет ресурсты бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілді. Осы уақыт аралығында шамамен екі есеге артқаны байқалады, – деді сенатор.

Сондай-ақ  депутат алдағы уақытта арнайы рұқсаты жоқ интернет ресурсына тосқауыл болу үшін тиісті мемлекеттік органдар жұмыла әрекет ету қажет деп есептейді.

Осыған қатысты бүгінгі қаралып отырған келісім осы саладағы қажетті ақпараттармен және ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесімен алмасуға жол ашады. Авторлық және сабақтас құқықты қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени қарым-қатынастың ауқымын кеңейтуді көздейді, – дейді Медебаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға