коллаж El.kz

«Рұқсат берген жоқпын»: қазақ композиторы спортшыларға не үшін шүйлікті?

Көркем гимнастика бойынша жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева мен қазақстандық композитор Бауыржан Ақтай арасында дау туындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Рио-де-Жанейрода көркем гимнастикадан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Sarmad этно-тобы орындайтын тректің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Алайда бұл композицияның авторы Бауыржан Ақтай спортшыларға өз шығармасын пайдалануға ешқандай рұқсат бермегенін мәлімдеді.

Композитор әлеуметтік желіде команда жаттықтырушысы Балғынбаеваға үндеу жасап:

Мен осы музыканың авторымын, есімім – Бауыржан. Мен әнді сіздерге пайдалануға рұқсат берген жоқпын. Сіздер менің шығармамды рұқсатсыз пайдаландыңыздар, – деп жазған.

Өз кезегінде бапкер әнді қазақ музыкасын әлемге таныту үшін ғана таңдағанын алға тартқанымен, композиторды мұндай жауап қанағаттандырмаған көрінеді.

«Рұқсат берген жоқпын»: қазақ композиторы спортшыларға не үшін шүйлікті?

Менің музыкамнан басқасы да толып жатыр емес пе? Рұқсатын алып, соларды пайдалансаңыз болады. Өз басым бұл шығарманы билеу үшін жазбағанмын, - деген автор.

Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде қызу пікірталас өрбіді. Нәтижесінде Балғынбаева видео жариялап, гимнастшылардың өнерін сүйемелдейтін музыканы ауыстыратынын айтты:

Бұл музыканы елімізді әлемдік аренада таныту үшін таңдағанмын. Бірақ оны ауыстырамын. Бірақ бұл дегеніміз отандық әндерді қолданбаймыз дегенді білдірмейді. Тек басқа орындаушыларды таңдаймын, – деді ол.

Балғынбаева 22 жылдық тәжірибесінде әртүрлі ұлттардың музыкасын қолданғанын, бірақ алғаш рет қазақстандық автордың шығармасын таңдағанын, тиісінше осындай қиындыққа тап болғанын алға тартты.

Ал композитор Ақтайдың ұстанымына сәйкес, кез келген бапкер немесе хореограф музыкалық шығармаларды қолданбас бұрын, міндетті түрде автордан немесе оның мұрагерлерінен рұқсат алуы тиіс:

Бұл – жаттықтырушы мен хореографтың қателігі. Әр қойылымға музыканы таңдаған кезде ең алдымен оның авторын анықтап, тірі болса, келісімін алу керек. Егер қайтыс болса – мұрагерлерімен келісуі қажет. Бұл жағдайда мұның ешқайсысы жасалмады. Шынында, 20 жыл бойы олар өзгенің еңбегін иемденіп келген, – деді ол.

Сонымен бірге, ол ешқандай жанжал не хайп іздемейтінін, тек кімнің рұқсат бергенін білгісі келгенін атап өтті. Композитор өз туындыларының гимнастика немесе би қойылымдарына арналмағанын айтты:

Менің шығармаларыма қойылым қоймаңыздар. Өтінішім осы. Олар кино, спектакльдерде, оркестрлерде орындалады – соның өзі жеткілікті. Егер пайда іздесем, баяғыда-ақ әр қойылымнан ақы алатын едім. Бірақ менің мұндай мақсатым жоқ. Тек түсіністікпен қарасаңыздар деймін.

Сөзінің соңында Ақтай өзінің ұстанымы жалпы қазақ музыкасына тыйым салумен байланысты емес екенін, тек жеке авторлық құқығын қорғауға негізделгенін айтты:

Мен атаққа да, ақшаға да құмар емеспін. Маған – адам болып қалу және қазақ болып қалу маңызды. Барлығы мәдениет пен заң аясында шешілуі тиіс, – деп түйіндеді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Балгинбаева Меруерт (@mira_balgin)