Жаңалықтар

Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қызығушылық танытты

Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қызығушылық танытты
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 11.01.2024 02:42 1412

Астанада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадалина Лупумен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуде көлік, логистика және авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Көлік министрі Марат Қарабаевтың Румынияға алдағы сапары талқыланды.

Қазақстандық тарап алдағы сапар аясында Румыниямен Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге, Вице-министр Румынияның ТХКБ аясындағы рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ екі ел компанияларының белсенді қатысуын және жүк тасымалдаушылар арасындағы жақсы жолға қойылған байланыстары туралы жеткізді.

Атап айтқанда, тараптар Еуропамен көлік байланысын жақсарту мақсатында өзара ынтымақтастық пен ТХКБ дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Румынияда Халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша Бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.

Елші қабылдау үшін алғыс айтып, екі елдің ТХКБ аясындағы ынтымақтастығы Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың кілті болып табылатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар көлік саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді және өткен іскерлік әңгіме үшін алғыс айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға