Жаңалықтар

«Рухани киелі жерлер — ұлы бабалар мұрасы» атты танымдық бағыттағы Қоғамдық келісім кеңесінің жиыны

«Рухани киелі жерлер — ұлы бабалар мұрасы» атты танымдық бағыттағы Қоғамдық келісім кеңесінің жиыны
13.07.2018 05:22 2024

Жақында, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының кітапханасында, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Рухани киелі жерлер — ұлы бабалар мұрасы» атты танымдық бағыттағы Қоғамдық келісім кеңесінің жиыны өтті.

Жиынға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея мүшелері, «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, облыстық, аудан, қалалық Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, ұйғыр ауданының әкімдігі, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға Шонжы ауылдық округі әкімінің орынбасары Тимур Тойчибеков төрағалық етті.

Қүн тәртібінде бір мәселе: Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» Жобасын Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері арқылы халыққа насихаттау.

Мәселе бойынша сөз сөйлегендер: Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасар, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева, Сарқан аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, ана-медиатор Күлшарбан Қалиева, Ұйғыр аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жеңіс Тойшыбеков.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға