kt.kz

Рудныйдағы балалар өлімі: Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

14.10.2022 19:18
Рудныйдағы балалар өлімі бойынша токсикологиялық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды El.kz

«Балалар өлімінің себебін сарапшылар анықтайды. Токсикологиялық сараптама тағайындалды. Улы заттардан улануы да мүмкін. Қазірдің өзінде қажетті материалдар алынды. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін дайын болады», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.