Жаңалықтар

Рудныйда Тәуелсіздік күніне орай 40 отбасы пәтер алды

Рудныйда Тәуелсіздік күніне орай 40 отбасы пәтер алды
Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі 14.12.2023 17:33 1425

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында жетімдер, көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кілттерді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады. 

Рудныйда Тәуелсіздік күніне орай 40 отбасы пәтер алды
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рудный қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысы Мейірбек Ысмағұловтың айтуынша, қазіргі уақытта Рудный қаласы, Ленин көшесі, 107 үй мекенжайы бойынша 40 пәтер қайта бөлінді. 

Көпбалалы отбасыларды (8 пәтер), жетімдер (9 пәтер) және ХӘОТ (халықтың әлеуметтік осал топтары) өкілдерін (23 пәтер) қоса алғанда азаматтардың әртүрлі санаттары қоныстанды.

Рудныйда Тәуелсіздік күніне орай 40 отбасы пәтер алды
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ екі ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Горький көшесіндегі 64 үйдің 56 пәтері, ал Ленин көшесіндегі 215 үйдің 114 пәтері қалпына келтіріліп жатыр. Бұл жұмыс қаладағы жалпы тұрғын үй жағдайын жақсартуға және халыққа қосымша тұрғын үй беруге бағытталған.

Рудныйда Тәуелсіздік күніне орай 40 отбасы пәтер алды
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Одан бөлек, ТКШ бөлімі жыл басынан бері тұрғын үй қорын түгендеу жұмысын жүргізуде. Осы күнге дейін 53 пәтер анықталып, коммуналдық меншікке қайтарылды. Оның ішінде көпбалалы отбасыларды, жетімдер, мемлекеттік қызметкерлер, төтенше жағдай қызметкерлері мен ХӘОТ өкілдерін қоса алғанда 41 адам кезек бойынша қоныстандырылды. Жаңа тұрғындар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасалып, қоныстану процесі жалғасуда.
Жұмысты тұрғын үй ғимараттарын салу мен реконструкциялауға маманданған «Qazaqstan Construction Holding» компаниясы жүргізеді. 

Рудныйда Тәуелсіздік күніне орай 40 отбасы пәтер алды
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Нарықта 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания жоғары сапалы және белгіленген мерзімде келісімшарттық міндеттемелерді орындайтын сенімді мердігер ретінде беделге ие болды. Атқарылатын жұмыстардың сапасын бақылауға, сонымен қатар құрылыс алаңында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Рудныйда Тәуелсіздік күніне орай 40 отбасы пәтер алды
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Qazaqstan Construction Holding» құрылыс компаниясының директоры Нұралхан Кұлшықовтың сөзінше, биыл алты мың, келесі жылы екі мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. Бұл тұрғын үйдің барлығы халықтың осал топтарына арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға