Рудныйда шина қалдықтары қайта өңделеді

 Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Фото: Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қостанай облысы Рудный қаласында «Еділ и компания» ЖШС-нің пайдаланылған автомобиль шиналарын қайта өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоба «Жасыл даму» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып, еліміздегі экологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.

 «Жобаның жалпы құны 354,5 млн теңгені құрайды. Қаржыландыру кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Кәсіпорын пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу арқылы қалдықтарды тиімді басқару жүйесін дамытуға үлес қосады», – делінген министрлік хабарламасында.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Аталған жоба «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында іске асырылып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жасыл даму» АҚ алдағы уақытта да «жасыл» экономиканы дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ораны қорғауға бағытталған жобаларды қолдауды жалғастырады.

Оқи отырыңыз