Рудныйда көз жұмған егіз балалардың уланғаны расталды
Фото: kt.kz
Фото: kt.kz
11.11.2022 16:15
1079
Рудныйда ағайынды екі бүлдіршіннің өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz
«Рудныйда балалар өлімі фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп, балалардың улану фактісі расталды. Тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалды, ол тергеу барысында сарапшыға қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Рудныйда ауруханадан шыққан 2016 жылы туған ағайынды балалар қайтыс болды. Екі баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы сараптама тағайындалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға